Everything.kz

Мен сізді ұнатамын,

Мен сізді ұнатамын,
Ақыл қалта
Мен сізді ұнатамын, Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым. Жалғыз арман жанымды жайлап алып, сенделемін, үмітпен бүр атамын. Түк еместей әлемдік айыптаулар, не ұмтылған асқарым — жыр, атағым. Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен біреулерді өксітіп жылатарым, не өзімді даңқтың тұғырынан мүмкін тіпті біржола құлатарым. Жанса бағым, бәріне де дайынмын — қарсы аламын, қарсы аламын үзіліп қалса да әнім — біреулердің қүңкілін, жазғыруын, мысқылы мен өсегін — баршаларын. Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана сәтімізге қауышар, аңсағаным, бірге жұтар ләззатты таң самалын. Жырлап өтем, белді будым алдағы сынға бекем, арпалысам, асудан-мұңнан өтем. Сізге жетер жолымда кешем бәрін. мені тоқтата алмайды тұлға бөтен. Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер — жайбарақат тірліктің құндағы екен. Соның бәрін, бәрін де сезімімнің, сезіміңнің жолында құрбан етем! Ф.Оңғарсынова
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ақыл қалта