Everything.kz

Оқырман хаты

Құпия ретінде
Оқырман хаты Менің әкем қаталдау кісі. Әкем де, анам да мені көп түсіне бермейді. Маған көп ұрсады. Ал сіңлілеріме дауыс көтермейді. Үйдің үлкені болғасын сөйтетін шығар Орта сыныптарда оқып жұргенде қызды қатал ұстаған дұрыс деп ата-анамды түсінетінмін. Биыл жоғары сыныпқа көшкелі бұл ойым өзгерді. Ойыма қайдағы бір сұрақтар келіп мазалайды. Тіпті Мен асырап алған жоқ па екен осы деп те күдіктенемін. Менің достарым кешкісін далада серуендейді. Ата-анам маған Қайда барасың? Үйде отыр, ешқайда бармайсың деп отырғызып қояды. Сұранбай кетіп қалсам, ұрсып, шапалақ та жегізеді. Ата-анамды мүлде түсінбей барамын. Олар өз заманы мен қазіргі уақытты шатастырып алды ма әлде? Қазіргінің баласы мүлде өзгеше ғой. Біз қазір өмірімізді қуанышты-қызықты өткізбесек, қашан өткіземіз? Кейбіреулер студенттік шақтың қызықты болатынын айтады. Бірақ оқушы кезіміз де еркін, мейірімге толы болуы керек қой…
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құпия ретінде