Everything.kz

БІР БАҚЫТ

Құпия ретінде
БІР БАҚЫТ Қарауың керек шынға тік, Уақытты жүрсің ұрлатып. Өмірге мынау келгенің, Бауырым білсең бір бақыт. Мойымау керек сынға түк, Қайтесің елді шулатып. Он екі мүшең сау болсын, Осының өзі бір бақыт. Санаңды алма улатып, Өтер де кетер бұл уақыт. Пайдалы іс қыл ғаламға, Ар алдындағы бір бақыт. Құлағың азан тыңдатып, Алла деп жүрек тіл қатып. Сәждеге басың тигені, Бақыт қой бақыт, шын бақыт... Авторы: Арман Құдайберген
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құпия ретінде