Everything.kz

Бағымды табам қарсы алып бір күн,

Бағымды табам қарсы алып бір күн,
Бағымды табам қарсы алып бір күн, Жазда ма екен, күздеме шіркін. Көктемде келсе қыс бойы күткен, Өн бойым жылып қалар тез мүмкін. Бағымды табам гүл арасынан, Сейілер сөйтіп бұл қара тұман. Бір қызды табам ешкім сүймеген, Сүймеген басқа ата-анасынан. Мінезі ұяң талғамы биік, Бойына иман жинаған үйіп. Адал жан табам жаралған маған. Өтетін мəңгі тек мені сүйіп. Бір жанды табам сөзсіз ұғатын, Биік көретін ар мен ұятын. Анам мен Əкем аңсаған көптен, Келін боп еніп қызы болатын. Бір жанды табам, Көптен аңсаған. Табамын жанды, Жаралған маған. Авторы: Төлегенов Берік Айтбайұлы.
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕