Everything.kz

Кешір

Кешір
Кешір Кешір Алла, жолдарымнан адассам, Көкірек керіп өз шамамнан әрі ассам. Алла маған бақытты сәттер сыйлай көр, Бақыт үшін өзгелермен талассам. Кешір Ана, ақ сүтіңді ақтамасам, Ақылсыз боп, сөзіңізді жақтамасам. Әрбір айтқан тәрбиелі сөздеріңді, Бойыма жиып алып, сақтамасам. Кешір Әке, ардақтап сыйламасам, Бойыңнан жақсылықты жинамасам. Кешір мені Әкетай қарсы шықсам, Жаныңызға тыныштық сыйламасам. Кешір мені боталарым, сіңілдерім, Көрсетпе Алла олардың түңілгенін. Жалғыз ғана бауырым аман болсын, Олар барда мұңаймастан күлімдедім! Кешір достар, сендерге адал болмасам, Дұрыс түсін, сырыңды ашып тыңдасам. Бәріңді де жүрегіммен сүйемін Дұрыс түсін, тек біріңді қолдасам! Кешіріңдер адамдар қателессем, Бұл өмір де адам жоқ па қателескен? Өзінікін түзетпей көре алмайтын, Бір-біріне күндестікпен қате дескен! Кешір мені Жалғызым, сүйгенім үшін, Махаббаттың адастырған күйлері үшін. Кешерсің күнде алдыңнан шыға берсем, Кешірмес деп жүрекке түйгенім үшін. Біреулерді өкпелетсем, Кешір Алла! Менсінбей көкке кетсем, Кешір Алла! Өткендегі өкпелерді өшір Алла! Барлығы үшін Кешір Алла, Кешір Алла!
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Өмірде бәрі мүмкін ♕