Everything.kz

Сәлем достар. Мен өз басымнан өтіп жатқан жағдаймен бөліскім келеді. Кейбіреуіне...

Сыр шері...
Сәлем достар. Мен өз басымнан өтіп жатқан жағдаймен бөліскім келеді. Кейбіреуіне күлкілі болуы мүмкін,ал өзіме өте қиын. Мен 2014 жылы бір баламен сөйлесіп жүрдім, тек дос ретінде араласып. Ол кезде мен басқаны ұнататын едім,оған сол туралы айтатынмын. Ол үнемі оны ұмыт, ол қарамайды деп оны ұмытуыма себепкер болды. Неге екенін білмеймін ол жігітті ұмытқан соң,сразу өзіне ғашык болып қалдым. 1-2 ай айтпай жүрдім. Кейіннен сөз арасында ұнайтынын айттым, ал ол ешкандай реакция білдірмеді. Бірак онымен сөйлесуімді тоқтатпадым. Бір ауыр тигені оны жақсы көргеніме 3 ай болғанда ол бір қызбен жүрді. Ал мен жалғыз жүрегімді тырмалап, бақыт тілеп онымен сөйлесіп жүре бердім. Қызыменде дос болып алдым,арам ойым болған жок. Екеуі 7-8 ай жүрді. Арасында ұрысып қалған уақыттары болды,бірак кайта табысатын, не болғанын білмеймін соңғы ұрысында олар енді бір-бірін танымайтындай болып кетті. Сонымен екеуі қойып кетті,қазір ит пен мысык секілді,бір-бірін мүлде танымайтын кейіп танытады. Ал мен сол уақыт аралығында оны жаксы көруімді тоқтатпадым. Әлі күнге оны ұнатам 2 жыл уақыт болып қалды. Оны ұмыту мүмкін емес сияқты. Ол маған біреуді ұмыттырды, енді оның өзін калай ұмытарымды білмеймін. Бір білерім оның жүрегінде маған орын жок және болмайды. Ол өзі саған сезім болмайды деген. Сол сөзінен кейінде катты киналып кеттім. Жылаған күндерім көп болды. Оның бәрін сабырлықпен көтере білдім. Өлгім келген уақыттарда болған,әліде сондай ойлар санамды жайлап жүр. Бірак тәубеме келем. Менің бір катты киналатыным, мен басқамен сөйлесе бастасам, ол басқа ойда болады,бір кездері соның кесірінен бір баламен сойлеспей калғам, арамызға іріткі салып жіберді. Тусінбеймін неге олай істегенін. Бірак ол өте ак көңіл, қалжыңбас, адал жігіт. Мүмкін осы қасиеті мені баурап алған шығар. Ол дос ретінде жаксы сөйлесе алады. Дос болғым келеді,бірак менің жүрегім оны қаламайды. Оны қалай ұмытсам болады екен?! Админ анон)))
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Сыр шері...