Everything.kz

"ХАРАМДЫ ДОҒАР НЕМЕСЕ ҮЙЛЕН!" | Шейх Хасан Али

"ХАРАМДЫ ДОҒАР НЕМЕСЕ ҮЙЛЕН!" | Шейх Хасан Али
"ХАРАМДЫ ДОҒАР НЕМЕСЕ ҮЙЛЕН!" | Шейх Хасан Али Бүгінгі таңда "сүйгенім", "сүйген жарым", "ғашығым" сөздері шариғатқа қайшы махаббат сезімін білдіреді. Бұған шариғатта қатаң тыйым салынған. Шариғатта тыйым салынған нәрсе тойланбау керек. Шариғат таразысына салынып, діни шектеулерден шықпаған дәстүрлі мейрамдарды тойлауға рұқсат бар. Алайда, діни шектеулерден тыс шығатын мейрамдардың барлығын атап өтуге қатаң тыйым салынған. Яғни, біздің дінімізде некесіз “ғашықтардың” болуына жол жоқ. Бір адам: “Мен жай ғана дос қыз емес, әйел іздеп жатырмын” деуі мүмкін. Оны әйелдікке алам дейсің, оны қашан алмақсың? Қалайша бұны ғашықтар күнімен байланыстыруға болады? Бұл - зинақорлардың күні. Өйткені, бұл - неке қимаған ғашықтардың күні. Олар махаббат некеден кейін жоғалады дейді. Өйткені, өздері үйленгенге дейін барлығын жасап, отбасылық өмірге түк те қалдырмайды. Сол үшін адамдар ажырасып жатыр. Ал, құдаласу жолымен үйлегендерге қызықтың барлығы некеден кейін ашылады да, олар соның берекетін өмірлерінің соңына дейін көреді. Исламда тәртіп осындай. _____________________________ "Әулие Валентин күнін тойлауға бола ма?" мақаласынан үзінді. Мақаланы толық оқу əрі жүктеу үшін: http://hanafi.kz/?p=1138
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества HANAFI.kz | Ханафи бауырлар қауымдастығы