Уахабилердің "нағыз Құран мен Сүннетке сай" жазылған еңбек деп санайтын, әрі бұл кітап бойынша намаз...

Уахабилердің "нағыз Құран мен Сүннетке сай" жазылған еңбек деп санайтын, әрі бұл кітап бойынша намаз оқуды "сунна" деп бағалайтын шейх Албанидің "Пайғамбар намазының сипаттамасы" кітабының 199 бетінде мынадай мәтін кездеседі:



"Сұрақ: Ханафи мазһабын ұттанушы имамның артынан ұйып намаз оқушы адам намазда оған ілесуі қажет пе? «Имамға ілесу» деген сөз тіркесінің астарында ханафи имамына ұйып намаз оқитын адамның сол(имам) сияқты тәкбирлерді айтқанда екі қолды көтермейтіні, қолдарын көкірекке қоймайтыны, ("әл-Фатиханы" оқып болғаннан кейін) "Әмин" деп дауыстап айтпайтыны және тәшәхудта сұқ бармақ қимылдамайтындығы меңзеледі ме?



Шейх Әлбани: "Иә, ханафи имам қалай істесе, солай істеу керек."



Кейін шейх бұл үкімінің дұрыс екенін және ханафи имамға бағынып соған ұйыған күйде амал ету керектігін дәлелдеп шығады.



ЕҢ ТАҢ ҚАЛАТЫНЫ, осы кісіні муджадид деп бағалап, Шейхул-хадис деп сипаттап жүрген біздегі уахабилердің шейхтың бұл сөздерін тәрк етіп, мешіт имамдарына бағынбай, таласып жүргендері.



Ханафи бауырлар қауымдастығы


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества HANAFI.kz | Ханафи бауырлар қауымдастығы

Популярное