Everything.kz

Оқушылардың 23 пайызы әлімжеттіктен зардап шегеді

Құпия ретінде
Оқушылардың 23 пайызы әлімжеттіктен зардап шегеді «БҰҰ Бала құқығы туралы конвенциясының Қазақстанда ратификацияланғанына 20 жыл толды. Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде осыған орай Астанада халықаралық конференция өтті» деп хабарлайды 24.kz. Құжатта балалар қоғамның тең құқылы өкілі екендігі көрсетілген. Алайда анасының перзентін сатып, ақша таппақ болған немесе баланың зорлық-зомбылықтан зардап шеккендігін айғақтайтын мәліметтер жетерлік. Мектеп қабырғағасындағы оқушылардың 66,3 пайызы зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәсі болса, 23 пайызы әлімжеттіктен зардап шегеді. Бұл – ЮНИСЕФ-тің адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен бірлесіп, Қазақстанның 7 қаласында жасөспірімдер арасында жүргізген зерттеулерінің нәтижесі. “Жасөспірімдер қазіргі таңда өте ашушаң, агрессияға бейім. Мысалы, Қызылорда облысында жыл басынан бері екі, ал өткен жылы 18 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ, осындай қадамға бармақ болған 21 бала өлім аузынан қалды. Бұл, сонымен қатар, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да белең алған өзекті мәселе”, – дейді педагог-психолог Жұлдыз Махатаева.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құпия ретінде