Everything.kz

Тәуелсіздікке арнау

Тәуелсіздікке арнау
Тәуелсіздікке арнау Атады ақ таным,шығыстан шығып арайлы Бүкіл әлем таңырқап бізге қарайды. Бір ту астында жиналған жігерлі қазақты Елбасым менің бақытына балайды. Жиырма төрт жыл,жиырма төрт жыл азаттық Өзімізді құрсаудан да босаттық. Ақтадық біз ата-баба үмітін, Қолда қазір көк ту менен бостандық. Жиырма төрт жыл арада өтті қазағым, Қалды ма сенің көрмеген тағы азабын? Елдікті алып,мойындатып жаһанды, Дәлелдеудеміз қазағымның ғажабын. Азаттық әні шырқалар бүгін Отаным, Өткеннен емес,болашағымнан қорқамын. Елімді сүйген жас патриотпын достым-ау! Қандасым жүр ғой сүйіп өзге Отаның. Бұрыңғы күндер,ызғарлы түндер артымда "Қазақ" деген ұғым менің атымда. Қазақ сөзі-тілім менен дінімде... Қазақ аты - тіпті менің затымда Қазіргі қазақ гүлдеп келед күн санап, Өтуде ғой тоқтаусыз мына сын сағат. Болашаққа үмітпенен қараймыз, Өткен күнге өкінішпен қарасақ. Қазір қазақ басқа мүлде өзге ғой, Өзге елде өзге сый мен өзге ой. Осы күнге мына бізді жеткізген, Қара ұлмен қара домалақ көздер ғой! Елу елдің қатарына іліктік, Тарихымды айта берем ұлық қып! Бейбіт елде тұрғаныма Шүкір дейм, Басымыздан кетпесін еш бақ пен құт. Егемендік – бұл елімнің елдігі, Егемендік – барлық ұлттың теңдігі. Баяғыдан қонақжай халық біз едік Өзге ұлтқа сыйар көңіл кеңдігі Елім десе елжірейді жүрегім, Жасай берші өмір бойы Ұлы елім. Желбіресін көк байрағы халқымның, Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегін. Авторы:Рамазан Омаров
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев