Everything.kz

Жауапсыздық тың ақыры сау қызды мүгедек қылды

Құпия ретінде
Жауапсыздық тың ақыры сау қызды мүгедек қылды Ақерке Сейітқұл. 8 жаста. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Мақталы ауылындағы мектепте оқиды. Əдеттегідей анасы түскі асын беріп, қызының маңдайынан сүйіп, сабаққа шығарып салған. Ақерке жаңадан салынған, салтанаты жарасқан алтын ұясына қуанышпен келген. Осындай əдемі мектепте оқитынына мақтанатын оқушы қыз. Бірақ, сол күні мектептен қайтам дегенше, кішкентай қыздың көзіне шыны кіріп, оң көзі ағып түскен. Айдың-күннің аманында қаршадай қыздың қайғылы жағдайға душар болғанына жанымыз жай таппады. Мектепке он екі мүшесі сау боп кеткен бала қалайша мүгедек болып қайтады? Ақеркенің жағдайына алаңдап, үйіне хабарласып, үй ішімен тілдестік. Оқиғаның қалай болғанын анасы Майра айтып берді: – 12 қыркүйек күні əдеттегідей қызым Ақеркені сабаққа жібердім. Қызым екінші ауысымда оқиды. 14.00-де сабаққа кеткен қызымнан кешкі 5 жарымда хабар келді. Сынып жетекшісі Айсұлу Серікбаева оқушыларға «сыныпты тазалап, шаңды сүртіп кетіңдер» деп тапсырма беріпті де, өзі үйіне қайтып кетіпті. Ақерке шкафтың жанының шаңын сүртіп жатқанда, шкаф үстіне құлапты. Шкафтың есігі əйнек екен. Сол əйнек сынып, қызымның оң көзіне жарықшақтары кіріп кеткен. Сол жерде Ақеркенің көзі ағып түскен. Балалардың шуын басқа сыныптардағы мұғалімдер естіп, жүгіріп келіпті. Біз мектепке жіберген қызымызды ауруханада кездестірдік. Ондағы дəрігерлер «Шымкентке апармасаңыздар, жағдайы ауыр» деді. Түнделетіп Шымкентке алып бардық. 12-ден 3 жарымға дейін ота жасады. Қызымның көзінен 12 шыны алды. Оң жақ бетті түгел қырқып кеткен екен, оның бəрін тікті. Көздің ішкі тамырларын да жалғады. Қызым əлі Шымкентте ауруханада жатыр. Күніге екі ортаға қатынап барып-келіп тұрамын. Қазір Ақеркенің бетін тіккен жіпті алды. Бірақ, көзінің ісігі қайтпады. «Ісігі қайтса, пластик көз жалғап береміз» деді. Əзірге жарты көзі бар. «Егер ісік қайтпаса, қайтадан ота жасап, қалған көздің бəрін алып тастауымызға тура келеді» деп жатыр дəрігерлер. Əзірге қызыма көзінің көрмейтінін айтпадық. «Бəрі жақсы болады» деп жатырмыз. Бірақ, «мама, көзім неге ашылмайды?» дегенде, жанымды қоярға жер таппаймын… 2-сынып оқитын балаларды өздігінен жұмыс істетуге қорқасың ғой. 4-сабақ «Өзін-өзі тану» болған екен. Одан беретін апайы сабақ біткесін қайтып кеткен. Ал сынып жетекшісі 3-сабақ біткенде үйіне қайтқан. Балалар болса, ешқандай мұғалімнің қарауынсыз, 5-6 қыз бірігіп,  сыныпты тазалауға кіріскен. Ақерке шкаф құлап келе жатқанда қашамын деп, аяғы сүрініп кетіп, шалқасынан түсіпті. Сонда шкаф үстіне құлаған Сабақ уақытында балаларға жауапкершілікпен қарамағаны үшін мектеп директоры мен сынып жетекшісінің үстінен арыз жаздым. Ота жасатқанда сынып жетекшісі қасында болды. Одан кейін тым-тырыс. Үйге бірде-бір рет қыздың жағдайын сұрап келмеді. Директоры «кешірім бер, арызыңды ал» деп келді. Мен бастапқыда арызымды қайта алғым келген. Мектеп басшылығына: «Қызымды емдету шығынын көтеріңіздер. Арнайы есепшотын аштырайын, соған қаржысын аударыңыздар», – деп те айттым. Сонда директор: «Қайда барсаң, онда бар. Қолыңнан келгенін істе. Мен президенттің қолын алған адаммын», – деп жауап берді Қызымды осындай жағдайға жеткізген сынып жетекшісі де, жалпы мектептегі жағдайға жауапты директор да түк болмағандай əлі қызметін атқарып жүр. Ананың зарын кім тыңдайды
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құпия ретінде