Everything.kz

БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН

БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН
БӘРІМІЗ БІРІМІЗ ҮШІН Ассалаумағалейкүм! Бүгінгі Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында,кезекті эстафетаны бастағым кеп отыр! "Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры қашанда xалықпен күш біріктіре жұмыс жасап келе жатырған жарқын жастардың ордасы. Осыған дейін өткен көп шаралар xалықтың күшімен бірге жасалып,көпшіліктің арқасында жиналған қаржымен қаншама мұқтаждарымызды қуанттық. Ендеше алдымен Аллаға сансыз алғыс,сонан соң топтың атынан жақсылыққа жаны құмар ағайынға шексіз алғыс білдіреміз. Сонымен бірге осы орайда дәл бүгін біз бастап,сіз қоштап жақсылықты жалғастыру арқылы бүгінгі мерекелік көңіл күйімізді өзге жандардың бақытына себепкер болуға арнауды жөн көріп отырмыз. Мереке қарсаңында елдің алғысын алу-ең бақытты сәт болар. Ендеше әдеттегідей терминал арқылы қалаған қаржыларыңызды салып,түбіртегін (чек) маған жолдасаңыздар,алғыс ретінде төрт жол өлеңімді өзімнің әлеуметтік желімде арнайтын боламын. жиналған қаржы қаз-қалпында мұқтаждардың қажетіне жұмсалады. Осы эстафетаға қатысты қандай да бір күмәнді ой,секем сенбестік болса мәжбүрлі түрде салуға міндетті емессіздер. Алайда адамдық артта қап,надандық алға шыққан мына заманда,қараңғыдан жылт еткен сәуледей,үзілген үміттерді жалғауға,қамыққан көңілді жұбатуға,жақсылық жасауда асығайық дегім келеді. Қарбалас қоғамның арасында жүрген кезекті бір күнімізде жақсылыққа себепкер болайық. Киви әмиян: 8 702 427 07 18 Ескерту: Бірлік ретінде емес,арнайы КИВИ кошелекке саласыздар,терминал арқылы Ерболат Қарақойшы "Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества