Everything.kz

1.10.2015

1.10.2015
IELTS English
1.10.2015 ГРАММАТИКА 6 Саналатын және саналмайтын зат есімдер (Countable and uncountable nouns) Жалпы есімдер саналатын және саналмайтын зат есімдер болып бөлінеді. 1. Саналатын зат есімдерге санауға келетін заттар, объектілер мен түсініктерді білдіретін сөздер жатады. Олар жекеше түрде де, көпше түрде де белгісіздік және анық артиклмен қолданыла береді. Мәселен: а) Заттық: a pupil оқушы – five pupils бес оқушы; a table үстел – many tables көп үстел; an engineer инженер – engineers инженерлер. ә) Жинақтаушы: a family отбасы/әулет – families отбасылар/әулеттер, an army әскер – armies әскерлер, a team команда/топ – ten teams он команда\топ. 2. Саналмайтын зат есімдерге санауға келмейтін заттар мен ұғым-түсініктер жатады. Оларға деректі және дерексіз (дерексізденген) зат есімдер жатады. Саналмайтын зат есімдер тек қана жекеше түрде қолданылады. Олар белгісіздік артиклімен қолданылмайды. Олардың заттар немесе ұғым-түсінік категорияларынан бөліп көрсету кезінде олардың алдына анық артиклі қолданылады. Бастауыштың қызметін атқарғанда олар баяндауышпен жекеше түрде қиысады және жекеше түрдегі есімдіктердің орнын басуы мүмкін (жиі қолданылатыны: it). Саналмайтын зат есімдермен қолданылатын есімдіктер: much көп, little - аздаған/шамалы, аз, some - кішкене/аздап, шағын мөлшерде, any - қандай да бір, аз-аздан, болар-болмас, бірен-саран. а) Деректі (материалдар; сусымалы, сұйық, газ түріндегі заттар; азық-түлік өнімдері): water - су, bread - нан, tea - шай, wool - жүн (тоқыма мата), oil - мұнай, air - ауа. ә) Дерексіз (іс-әрекеттер, ахуал, табиғат құбылыстары, сезім күйлері және т.б.): life - өмір/ғұмыр, time - уақыт, music - музыка, news - жаңалықтар, cold - суықтық, freedom - бостандық, bravery - ерлік, sleep - ұйқы, winter - қыс. ______________________________________________ Парақшадағы материалдарға қатысты және ағылшын тілін үйренуге қатысты сұрақтармен админге хабарласуыңызға болады.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества IELTS English