Everything.kz

Өмір!

Өмір!
Өмір! Өмір деген - бұл әлемнің кеңдігі, Өмір деген - ақ пен қара теңдігі, Өмір деген - артта қалған өткенің, Алға қойған мақсаттарың ендігі! Өмір деген - тұрағыңның жайлығы! Өмір деген -кейде мұңды,қайғылы! Өмір деген-бір шайлығы байлардың Кедейлердің отыз күнгі айлығы! Өмір деген - тіршіліктің қазығы! Өмір деген - арыстанның азуы! Өмір деген - сүрген сайын көретін, Маңдайыңда тұрған тағдыр жазуы! Өмір деген - о дүниеден шеткері! Өмір деген - бұ дүние мектебі, Өмір деген - өз қолыңда, кей-кезде! Біреулердің қолдарында кеткені! Өмір деген - дүниенің сұрағы? Өмір деген - бір-ақ сәтте тынады! Өмір деген - сен біреуді сынауың, Алланың да саған берген сынағы! Өмір деген - арайлап таң атқаны, Өмір деген - кешке күннің батқаны! Өмір деген - сол өмірдің өзінің, Білінбестен өтіп бара жатқаны! (с) Нұқ Ерболат
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества • Өмір және Махаббат •