Everything.kz

"Айта берсін" Қазақстанда жаңа рекорд орнатып жатыр – бір ай ішінде бейнебаян миллион рет тамашаланған.

"Айта берсін" Қазақстанда жаңа рекорд орнатып жатыр – бір ай ішінде бейнебаян миллион рет тамашаланған.
"Айта берсін" Қазақстанда жаңа рекорд орнатып жатыр – бір ай ішінде бейнебаян миллион рет тамашаланған. Біз бірінші рет Жанар Дұғалованың орындауындағы "Айта берсін" әнін естігенде, оның хит болатынына күмәніміз болмады. Әнді әлі барлығы білмейді, радиодан да жиі естімейміз, бірақ бұл әннің тыңдарманның жүрегін жаулап алатын бір өзгешілігі бар. Дәл сол өзгешілік қазіргі таңда ғаламторда миллиондаған көрермен жинап, жүздеген, мыңдаған, бір сәтке өздерінің қайталанбас және ұлы жетістітерге жетуге күштері бар екенін ұмытқан тыңдармандардың жүрегіне жетіп, орындарынан тұрғызып, өздерімен жұмыс жасауға итермелеп жүр. Өлеңді жазған бәрімізге әйгілі әнші – Жанар Дұғалова. Оның айтуынша, ол өзін қоршаған адамдардың оның күшіне сенбеген кездері жиі басынан кешірген: Бұл әлемде барлығы махаббат жайлы, барлық сөздер мен барлық әндер. "Айта берсін" де тізімнен тыс қалмады, бірақ бұл ән ешқандай бөгеттер мен сынақтарға бой бермейтін арманға деген махаббат жайында. Мен оны бұдан бұрын жазғым келген, тіпті 2014 жылдың соңында, бірақ менің жоспарымның кесірінен ол жұмысты аяғына дейін еш бітіре алмадым. Дегенмен, ол осы күнге дейін өз уақытын күтті. Бұл әнмен мен не айтқым келді ? Мен бұл әнді депрессияда болған кезімде жазғанмын. Ол кезде мен эмоционалды тұрғыда жүдеген болсамда, үмітті үзбеу керектігін, берілмеу керектігін біле жүретінмін. "Айта берсін" менің алға жасаған қадамым, менің алдағы жеңістерге деген жеке алғатартушым болды және мен оның басқалардың да жүрегіне жетіп, олардың осы ән арқылы жұрт саған не айтса да, қалай сені жолыңнан бұруға тырысса да, өзіңнің алдыға қойған мақсатыңа қол жеткізу керектігін түсінгенін қаладым. Мүмкіндітері шектеулі адамдардың маған қоңырау шалып, алғыстары мен ән жайында жақсы пікірлерін білдіріп жатқанда, менің шығармашылығымның тыңдармандарымның биікке, жеңіске деген алғатартар көмекшісі екенін түсіндім. Бейнебаянның сценарийын Ернар Нұрғалиевпен бірігіп жаздық, ал бидің қойылымымен Андрей Хван айналысты. Жақсы шықты деп ойлаймын, бірақ одан артық емес. Менің жасаған еш бір дүнием 100%–ға толық көңілімнен ешқашан шықпайды. Мүмкін, бұл мені әрі қарай дамуға, алға жылжуға итермелейтін болар. Айта берсін әніне түсірілген бейнебаян бір айдан аз уақыт ішінде YouTube желісінде бір миллионнан астам көрермен жинап үлгеді, ал бұл Қазақстанның әнші қыздарымыздың өнер жолындағы тажірибесінде бірінші рет орын алуда. Менің ойымша, әндер сияқты адамды алға жылжуға ештеңе шабыттандырмайды. Кітапты қазір көбісі оқи бермейді, оған көп уақыт кетеді, ал ән болса - әрі кетсе 5 минуттан аспайды, оған қоса ешқандай фильм мен тренинг бермейтін күш пен қуат сыйлайды. Сұхбатты қазақшаға аударған: Adilet Lewinski Оригинал (русскую версию) можете прочитать на сайте : blogpoint.kz Указывайте ссылку на нашу группу, при копировании интервью. Уважайте труд администрации.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Жанар Дугалова