Everything.kz

Ол бай емес-тін. Қарапайым ұстаз еді. Бірақ оның атын барлығы білетін. Атағы жер жарған мектебіне әр елден балалар келіп оқитын. Бір күні бір оқушысы:

AQIDA.KZ ™ {ХАҚ}
Ол бай емес-тін. Қарапайым ұстаз еді. Бірақ оның атын барлығы білетін. Атағы жер жарған мектебіне әр елден балалар келіп оқитын. Бір күні бір оқушысы: – Ұстаз, сіз өте атақтысыз. Оқытушы болудың сізге не қажеті бар? Байлық жинап алаңсыз өмір сүргеніңіз әлдеқайда жақсы емес пе? - деп сұрайды. – Менің өмір сүруіме қажетті нәрсенің бәрі бар – Бірақ, бұдан да жақсы өмір сүруіңізге болады ғой?! – Адам жол-жөнекей көрген барлық нәрсесін көзін қимастан тастамай арқалап келе жатқан жолаушыға ұқсайды. Бірақ діттеген жеріне жеткенде қабырғаны көреді. Ол қабырғадан өту үшін арқасы ауырып сонау алыстан бүкшеңдеп көтеріп келген бар байлығын тастауға мәжбүр болады. Біз бұл өмірге құр қол келеміз. Кетерде де өмір бойы жиғанымызды тастап кетеміз. Сол байлығымыздың барлығын жол соңында тастап кететінімізді біле тұра, көрсеқызарлықпен жинай бергенімізден не пайда? Ауыр жүк арқалағаннан гөрі жеңіл өмір сүрген жақсы емес пе?
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества AQIDA.KZ ™ {ХАҚ}