Everything.kz

Әс сәләму'алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху!

Әс сәләму'алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху!
Әс сәләму'алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху! Ақпанның 19 жұлдызында, қасиетті жұма күні Ақтау қалалық «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қоры мүшелерінің бастамасымен 26 шағын ауданында орналасқан «Бекет ата» мешітінің алдында «Сәби бақыты» атты жәрмеңке-акция ұйымдастырылды. Акция мақсаты – топ қабырғасында бірнеше күн бұрын сөз етілген, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының тұрғыны Ақберген Жанайдар есімді кішкентай бүлдіршінімізге қаржылай көмек қолын созу. Естеріңізге сала кетсек, Ақберген Жанайдар бауырымызға «Ретинопатия 5 степень» диагнозы қойылған болатын. Бұл ауыр дертпен күресу Ресейдің Санкт-Петербург қаласының белді дәрігерлерінің ғана қолынан келеді. Ал, бұл сапар қаржының да қомақты болуын талап етеді. «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорының көздеген мақсаты да осы – қаржылай көмек көрсету. Жәрмеңке барысында топ мүшелері алдымен мешіт ауласын тазартып, қыстың суық күнінде өтімі мол ыстық тағамдар мен түрлі тәттілерді сатылымға шығарды. Сонымен қатар қолдан жасалынған бұйымдар мен шөл басатын сан алуан сусындар да бұл қатардан орын алды. Алланың қалауымен, мешіттен шыққан жүрегінде иманы, жүзінде нұры бар игі азаматтарымыз акцияға атсалысу ниетімен сатылымға шыққан тағамдарды, түрлі дүниелерді алып кетіп жатты. Біршама уақытқа созылған бұл акциядан түскен пайда да мол. Бұл жақсылық жасауға асыққан құлдардың Алладан алған сансыз сауаптары еді. Сонымен қатар Алланың қалауымен, көптің адал ниетімен шағын жәрмеңкеден 121 600 теңге жиналды. Жәрмеңке аяқталысымен, кешкі уақытта топ мүшелері Ақберген Жанайдар бүлдіршініміздің үйіне барып, жағымды жаңалықтарымен бөлісіп қайтты. Жиналған қаржы қорын әкесіне беріп, әрқашан көмек қолын созуға дайын екендігін, әрдайым Алладан балапанымыздың еміне шипа беруін дұға етер тілеулес екендіктерін жеткізіп қайтты. Бұл игі істен соң топ мүшелерінің де көңілдері бір марқайып, алда тағы да сауапты істер атқаруға деген құлшыныстары артқан еді. Өйткені... «Кімде-кім бір игі істі бастап өзгеге үлгі болса, өзінен кейін сол істі істегеннің сауабындай сауап алады» (Муслим, имара 133) «Қандай қайыр садақа берсеңдер де, Алла Тағала оның бәрін біледі» («Бақара» сүресі, 273-аят) «Жақсылық жасаудан өз-ара жарысыңдар»...(«Бақара» сүресі, 148-аят) Әрдайым жақсылыққа ұмтылайық! Сауапты іске атсалысамын деген иманды жандар болса біз құшақ жая қарсы аламыз! Ізгі ниетпен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қоры Ақтау қаласы
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества "Жүректен жүрекке" Ақтау қаласы