Everything.kz

Тас сараң

Тас сараң
Тас сараң Жабир (р.а.) әңгімелеуде: Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп: – Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық жасауын тыяр емес,- деп мұңын шақты. Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып: – Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның қажетсіз ағаштарын маған сат,- деп сұрады. Әлгі кісі бірден:- Болмайды,- деп үзілді-кесілді келіспеді. – Онда маған сыйлашы, – деп өтінді. Әлгі кісі тағы да: – Болмайды,- деді. – Онда маған беріп, орнына Жұмақтық қайтарымын ал, – деп ең бір бағалы ұсыныс жасап еді, бұл жолы да әлгі кісі сазарған қалпы: – Болмайды,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейіген күйі: – Сәлемдесуден қашатын кісілерді қоспағанда (бүгінге дейін) сенен өткен сараң адам көрмеппін,- деген еді тұнжырап ..
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества •ДІНИ ӘҢГІМЕЛЕР•