Everything.kz

♡♡♡ Шəй құю дəстүрі♡♡♡

♡♡♡  Шəй құю дəстүрі♡♡♡
Құпия ретінде
♡♡♡ Шəй құю дəстүрі♡♡♡  Қонаққа шайды бабымен құйған лазым. «Самауырдың суымай, шай сұйылмай» немесе «самаурынның ызыңын кетірмей, шайдың қызылын кетірмей» дегенде қайнаған суды, қою шайды айтса керек. Шайды ернеуі бүтін шыныға құяды. Қонаққа кетік, шытынаған шыны, табақ, майысқан қасық, ұсынуға болмайды. Шай құйылған шынының бүтіндігі, тазалығы былай тұрсын, ернеуінде, кенересінде сама (шәмбі) немесе қаймақ жабысып жүрмеуге тиіс. Шыныға самаурыннан құйғанда шорылдатпай, дыбысын шығармай, шыныларды бір-біріне соғыстырмай құю да сын. Шай құйылған шыныны қонақтарға әперу үшін үй ішінен арнайы бір адам отырады. Ол дастархан басындағылардың сұранысын, талап-тілегін орындап, шынылардың ауысып кетпеуін, бос болмауын, тұрып қалмауын қадағалайды. Шай әпергенде бос қолының білегіне тигізіп тұрып ұсынады. Жалғыз қолымен ғана әпергенін қонақ «сыйламай отыр» деп түсінеді. Кей аймақта шыныны сол қолымен ұсынса да көңіліне алып қалады.
Покупай дешевле тут чем на AliExpress
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Құпия ретінде