Everything.kz

Сәлеметсіздерме. Админ өтініш анон болсын.

Сырласу +18
Сәлеметсіздерме. Админ өтініш анон болсын. Құрметті әпкелер ақыл кеңес сұрасам деп едім. Мен 3курс студентімін. 1курска келген кезде қазан айында бір жігітпен танысып, ұнатып жүре бастадық. 2ай бәрі жақсы болды, одан кейін мінезі өзгере бастады. Сөйтсем ол тағы бір қызбен жүреді екен. Мен оны кешірдім, себебі жақсы көрдім, ешкімге қимаймын. Бір жағынан өзімнен де кінә бар мен оны аса жақындатпайтынмын, ернімнен сүйгісі келеді сүйгізбейтінмін. Әлі кішкентаймын, жүрсе міндетті түрде сүйісу керекпе деп ойлайтынмын. Бірақ, оған бұл әрекетім ұнамайтын. Сондықтан болар менімен қатар қыздармен жүруін тоқтатпады. Ақыры екі бөлек кеттік. Мен оны қатты жақсы көрдім, міне 3жыл болды әлі ұмыта алар емеспін, оның үстіне алғашқы махаббатым. Осы 3жыл ішінде сезімін білдірген бірнеше жігіттер болды, бірақ ешқайсысына көңілім бұрмады. Бір құрбым жанағы балаға хабарлас олда сені ұмытпаған шығар дит, бірақ намыс құрғыр жібермейді. Ал басқалары сезімін білдіріп жүргендерге көңіл бөл дейді. Сондай сезімін білдіріп жүргендердің ішінде бір бала бар, менен 2жас үлкен, иманды былай жақсы бала сияқты, бірақ ол басқа жақта жұмыс істейді, оның да алдамасына кім кепіл деп олаймын. Құрбыларым жігіт тап есейдің ертең жұмысқа тұрасын, сөзімен, ісімен қолдау көрсетіп тіреу болатын адам керек болады дейді. Мен оны қалай табам, Алла тағаладан бұйрық келмеген шығар десем, оттамай біреуіне мүмкіндік бер, көңіл бөл, ұлдармен сөйлес дейді. Қалай ойлайсыздар сол балаға мүмкіндік берсем бе екен әлде осылай жүре бергенім жақсыма? Ұзақ болса кешірерсіздер? Бірақ мен үшін маңызды секілді.... Көп рахмет
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Сырласу +18