Everything.kz

Картоп езбесі және тартылған ет

Картоп езбесі және тартылған ет
Аспаздық
Картоп езбесі және тартылған ет Өте дәмді тағамдардың бірі нәзік, жұмсақ аузыңызда еритін болады, ерінбей сіз де дайындап көріңіз! Құрамы: Картоп 5-6 дана (адам санына байланысты) Тартылған ет 0,5кг Ірімшік 150гр Жұмыртқа 3 дана Ұн 3 ас қасық Пияз 1 дана Кептірілген нан ұнтағы (сухари панировочные) 30гр Қаймақ 4 ас қасық Зәйтүн майы немесе өсімдік майы ыдысымызды майлау үшін Тұз, бұрыш Дайындалуы: 1)Картопты тазалап су құйып пісіреміз, піскеннен кейін еземіз үстіне жұмыртқа мен ұнды салып жақсылап араластырамыз (мен картопты қабығын ашыиай пісірдім, негізі ашып пісірген дұрыс екен тез езіліді) 2)Пиязды табада қуырамыз зәйтүн майын құйып 2-3мин, үстіне тартылған ет және тұз, бұрышын саламыз 15-20мин қуырамыз, етке қалауыңыз бойынша көк шөптер қосуға болады 3)Етіміз қуырылып жатқанда ірімшігімізді үккіштен өткізіп қоямыз 4)Енді қалыбымызды (форма) зәйтүн майымен майлаймыз, Кептірілген нан ұнтағын себеміз, үстіне кртоп езбесінің жартысын жайғастырамыз, оның үстіне жарты ірімшігімізді себеміз, оның үстіне тартылған етімізді жайғастырамыз, үстіне қалған ірімшігімізді себеміз, оның үстіне қалған картоп езбесін жайғастырамыз да үстіне қаймағымызды жағып шығамыз 200С 40 мин пісіреміз Бұл мәзір 4-5 адамға арналған, егер үйіңізде адам көп болатын болса қоспаларды көбейтіңіз Осы тағамды тауық еті мен жасауға да болады
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Аспаздық