Everything.kz

Күллі Қазақ даласын қасиетті де, киелі әнімен тербеткен, дауысы -

Күллі Қазақ даласын қасиетті де, киелі әнімен тербеткен, дауысы -
Күллі Қазақ даласын қасиетті де, киелі әнімен тербеткен, дауысы - дүр, жүрегі - жыр, ән өнеріндегі қайталанбас дара тұлға - Еркін ШҮКІМАН Ағамның құрметіне... АСЫЛ Домбыраңыздан төгілген наз атқылап үн Естісем Сізді - сезбейді-ау, азапты жаным. Бәріне ие - Әл-Жаббар, Жаратқан Аллам, Өлтірмес Аға, Сіз барда Қазақтың әнін. Тағдырлық мына тар жолда тайғақ кешсең де Жер аунап түсер, текті әнің аймақты ескенде. Қанатын құстың тағып ап, заулашы көкке, Құлама мейлі өрсе де, ғайбатты өш пенде. Жолымен жүріп - Қазтуған, Қашағандардың Жүректен жыр боп құйылсын асаған зар, мұң. Еріксіз еміл етіңді езетін осы - Азан мен Әннен киелі жасаған бар ма үн!? Ән менен Азан шалқыса Ер Аға-ау, неге, Қарашығынан құлайды жасы адамдардың!? Сұңқылдақ әнге қосып пәк аққудың үнін Ұлықтап ұстап келесіз ақ туды мығым. Өшпесе өнер - өмірім еш емес менің, Өлмесе Ұлы Ән, Тәңір-ау, тәтті у ғұмырым. Біржан Сал болып шырқашы «Жалғыз аршаны». Өнерлі жанның өмірде алға ұзар шамы. Күллі Ел әнді ұлықтамаса, Айтыңызшы Аға, Атандай жүгін қалайша жалғыз артады!? Ақан Серіден қалған зор «Құлагер» - дастан Сізден соң қалай естілер мұрагер жастан!? Жаяу Мұсалар жалғаннан «Хаулау» - лап өткен, Ойласам жайын мұңыма жылап, еріді аспан. Зау көкке ұшсын Ер Аға, қарлығаш әнің Қысқа да болсын киелі іс, әр құлаш адым. Қазақтың Әні асқақтап әуеде тұрса, Өзім-ақ жерде жалғыз қап зарды басамын. Ерітші жұмыр етімді басқан қатпар мұң Аллаға әнмен келеді аспандап барғым. Өтпелі әттең бұл ғұмыр - қанатынан бір, Үзілген мөлдір тамшыдай қасқалдақтардың... Ән салшы Аға, тірілсін гүл шығып көктем Тұрлаусыз мына созылмас тіршілік көпке. Естісем егер дауысыңды аспандап кетем, АЛЛАМЕН ТІЛДЕСЕТІНДЕЙ ҰМСЫНЫП КӨККЕ. 10. 04. 2015 жыл Мирас ҚАДЫРМҰРАТ
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Халық қазынасы