Жанар Дугалова
26.02.2016 в 07:44

Өткен жылғы "Астана Жұлдызы" атты музыкалық бәйгені еске алайық.

Өткен жылғы "Астана Жұлдызы" атты музыкалық бәйгені еске алайық.

Сол күні Жанар екі рет жеңімпаз атанған болатын. Бірінші жеңісі "Қыздар арасындағы үздік орындаушы" аталымында болса, екінші "Жыл әні" аталымындағы жеңісін Жанар "Ізін көрем" әнімен жеңіп шықты. Айтқым келіп тұрғаны, сол күні Жанар Астана қаласының опера және балет театрының әншісі Жәмиля Жарқынбаевамен "Бұл-бұл" атты әнді шырқайды. Меніңше, классикалық опера мен заманауи бағыттарын бір өлеңде біріктіріп, соңында керемет үйлесім табу – ол зор тапқырлық пен үлкен жұмыстың арқасы. Және сол идеяны ойлап тапқан адамың, оны сахнада жузеге асырған қойылымның режиссерының еңбегі ақталды деп ойлаймын. Бірақ, ерекше ұнағаны – ол Жәмиля мен Жанардың әнді орындау шеберліктері. Бұл жерде артық сөз бен мақтаудың кажеті жоқ деп ойлаймын.

Ал сіз сол бәйгені көрдіңіз бе? Айтпақшы, осы жазда айтылған бәйге, міндетті түрде, тағы да өткізілетін болады.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Жанар Дугалова

Популярное