ТЕК ҚАЗАҚТАР ҒАНА…
1. Тек Қазақтар ғана — өз тілін запасқа сақтап, Орыс тілін қолданады.
2. Тек Қазақтар ғана — тойдан түсетін ақшаға сеніп, кредит алып той жасайды.
3. Тек Қазақтар ғана — кредитін кредитпен жабады.
4. Тек Қазақтар ғана — Бəке мен Сəкеге сенеді.
5. Тек Қазақтар ғана — ыстық күні ыстық шаймен шөлін басады.
6. Тек Қазақтар ғана — «Стақанымыз соғысса да — басымыз соғыспасын» деп тілек айтып, бастары ақыры соғысып тынады.
7. Тек Қазақтар ғана — Дəрігердің «Неге ертерек келмедіңіз?» деген сұрағына «Мəн бермей жүре беріппін, Қазақпыз ғой» деп жауап береді.
8. Тек Қазақтар ғана — ауырса өз-өздеріне Диагноз қоя салады.
9. Тек Қазақтар ғана — таныс емес номермен біреу хабарласса «Бұл кім?» деп қасындағылардан сұрайды.
10. Тек Қазақтар ғана — киім алуға барғанда «Бір сезон кисем болды» деп сатып алады.
11. Тек Қазақтар ғана — «Ауыл деген — керемет қой» дейді де, өздері қалаға асығады.
12. Тек Қазақтар ғана — сұраса келе бір-бірімен туысқан болып шығады.
13. Тек Қазақтар ғана — «Келіннің ұлты маңызды емес, главный Қазақ болса болды» дейді.
14. Тек Қазақтардың балалары ғана — қонақ келгенде «Аш» қалады, себебі олар — қонақ кеткен соң тамақ жейді.
15. Тек Қазақтар ғана — тойға AIGEN немесе IBRAHIM пакетін апарады.
16. Тек Қазақтардың ғана — үйінде ремонт болып жатса, «Жақында той болады…» деген сөз.
17. Тек Қазақтар ғана — пара бергенде «Мынаған — обед ішерсің» деп береді.
18. Тек Қазақтар ғана — Жұрттың баласын мысал келтіріп айтады.
19. Тек Қазақтар ғана — Демалыс күні үй тірлігін істеп, өліп шаршайды.
20. Тек Қазақтардың ғана — құтқаратын сөзі «Құдайдың өзі кешірсін».
21. Тек Қазақтар ғана — Жоғалтқан затын үй жинағанда тауып алады.
22. Тек Қазақтарды ғана — Банк қызметкерлері өздері звондап, кредит төлеуге шақырады.
23. Тек Қазақтар ғана — бірінші көлік алады, сосын права алады.
24. Тек Қазақтардың ғана — тойға келуі қиын, келген соң қайтуы қиын.
25. Тек Қазақтар ғана — өте бай, ақжарқын, қонақжай, ерекше Халық!Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Поделиться:
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества
Құпия ретінде