Everything.kz

"Жетімнің сыры"

"Жетімнің сыры"
"Жетімнің сыры" Ана қайдасың? Ана? Келші тез жаныма менің, Қасыңа Әкемді алда, Келіңдер сағына бердім. Әр түні көзімді ілмедім, Телміріп сендерді іздедім, Ұлыңды сағынбадыңба? Анам ау неге келмедің? Жүрегі елжіреген Ата-Аналар, Біршама іздеп келді өз баласын, Балалары қуанып жүрген болар, Қолын ұстап айналып жүр Ата-Анасын. Қызықтым көп қарадым көзімде жас, Бұрышта отқан мені елемеді, Ана сендей ешкімде бола алмас, Бірақ айтшы іздемейсің неге мені. Әкем қайда,Әкешім аманба екен, Мен осында тілеуін тілеп өтем, Бақытқа мен жетпесем жетпегенім, Жылап келдім осылай жылап кетем. Ана мен бәріне де көндіге алам, Мына өмірде болсаңдар болды маған, Тағдырдың жазғанынан аса алмаймыз, Дәл мендей болмаса екен әрбір адам. Бауырларым болса егер,көрсем деп ем, Үмітім бар әйтеуір үзілмеген, Бір көруге зарығып жүрмін әлі, Ашуын алып жатыр тағдыр менен... Авторы: Дастан Матниязов
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев