Дүние есігін аша алмаған сəбидің сөзі

Сырласу +18
23.11.2015 в 08:34
ДҮНИЕ ЕСІГІН АША АЛМАҒАН СƏБИДІҢ СӨЗІ

Қарашы, күн санап мен жетілемін,
Балаңмың ғой, бір бөлшек етіңненмін.
Əлем қандай, көрсетші жан Анашым,
Алдырмашы, тек сенен өтінемін...

Тірімін ғой, жүрегім дүрсілдейді,
Əр соққанда Анам аман жүрсін дейді.
Мені өзіңмен ертерек қауыштыршы,
Құтылғың кеп сен менен күрсін мейлі...

Анашым, білемін, сен көріктісің,
Алла саған сұлулық беріпті шын.
Егер мені санасаң қателік деп,
Мені жойып түзеуге еріктісің...

Өмір еді көрсем деп аңсағаным,
Сезінбедім жаныңның жан самалын.
Сен үшін Алладан дұға тілеп,
Келгеніңде періште боп қарсы аламын.

(Я Тəңірім, Анама қатал болма,
Аман қылшы Аналардың баршаларын...)
(С) Ернар Елеусизов


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Сырласу +18

Популярное