Everything.kz

Қарыз алған жақсы ма?

Қарыз алған жақсы ма?
Ақыл қалта
Қарыз алған жақсы ма? Жігітке: - Қарыз алған жақсы ма? – депті қарт. - Ата, қарыз қайғы әкеледі, - депті жігіт. - Дұрыс, балам, ақылың болса – қарыз алма. Есіңде болсын, ханнан қарыз алма – өтей алмасаң басың кетеді, байдан қарыз алма – малың кетеді, досыңнан қарыз алма – берекең кетеді, әйелден қарыз алма – өміріңді келеке етеді, қарттан қарыз алма – алғаның көрге бірге кетеді, көршіңнен қарыз алма – бала-шағаң жылаумен өтеді, қасыңнан қарыз алма – өтей алмасаң үйің кетеді. Қарыз алсаң - қайтаруын біл. Қарызды көп алған – қайғырумен күнін өткізеді. Қарыз – от, өшіре алмайсың, - депті қарт. (с)
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ақыл қалта