#156 ҰБТ және КТА кешенді тестте келетін деректер және сұрақтар мен жауаптар. Қазақстан тарихы

#156 ҰБТ және КТА кешенді тестте келетін деректер және сұрақтар мен жауаптар. Қазақстан тарихы

Қазақстан 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде

Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды: таптық, əлеуметтік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар. Империалистік соғыс ұзаққа созылып кетті. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады.
Елге ашаршылық қаупі төнді.Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының тұтас аудандарын аштық жайлады.

Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестерінің ықпалы барған сайын арта түсті. 1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында, мұнай өнеркәсібінде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді.

Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған шаруалар аграрлық мəселені өздерінше шеше бастады. Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын күшпен тартып алды. Верный уезінің болыстарында болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап кетті. Қарқаралы, Павлодар уездерінде Бөкей Ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды.

1917 жылғы 29 тамызда Перовск Кеңесі бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылдады. Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. Черняев, Әулиеата Кеңестері де оындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды.
Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандар əйелдерінің манифестациясы өтті. Павлодар, Петропавл, Верный, Əулиеатада еңбекші əйелдердің бой көрсетулері болды.

1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “ Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде”- деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам - мемлекеттік дін деп танылды.

1917жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" деп хабарлады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. Қызыл жұмысшылар отрядтары, армян партиясының милиция отрядтары, Ташкент гарнизонының бөлімі Қоқанға аттандырылды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды.

1. Аумақтық - ұлттық автономия құру.
2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру.
3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау.
4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс.
5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау.
6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау.

Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды.

1917 жылы “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы
бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды. Бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту, аграрлық мәселелер көрсетілді. “Алаш” партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.

1917 жылғы қараша мен 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында – 57,5%, Семей уезінде - 85,6%, Торғай, Орал губернияларында - 75% жинады.

Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.

ҰБТ - Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

1917 жылғы 22 қарашада құрылған мемлекеттік құрылым:
8 сағаттық жұмыс күні енгізілді:
Мемлекеттік Думаға М.Тынышпаев қай облыстың атынан депутат болып сайланды:
Қай жылы Әулиеатада, Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды:
Қай қалада 1917 жылы қарашада Бүкілтүркістандық IV төтенше съезді ашылды:
Большевиктерге оппозиция болған партия:
Орынбордағы жалпықазақ съезінде қаралған мәселе:
Революциялық өрлеу қуатты серпін алған кез:
Түркістан автономиясы жойылды:

ҰБТ-ға және КТА кешенді тестке 100% сенімді барлық пәннен шпаргалкаларды осы сілтемеден, тапсырыс беріп ала аласыз: http://vk.com/kazentkz

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ЕНТ 2016 | ҰБТ 2016 l KAZENT

Популярное