Ұлы Адай Ұрпақтары
11.02.2016 в 03:10

«Адайдың бес жүйрігі» - көрнекті ақын –жыраулар: Абыл, Ақтан, Қашаған, Нұрым, Аралбай.

«Адайдың бес жүйрігі» - көрнекті ақын –жыраулар: Абыл, Ақтан, Қашаған, Нұрым, Аралбай.
Бірде Қашаған келе жатып суатта қой сауып отырған қойшы жігітке кездеседі де:
Ақсарыбас шұнақ қой,
Бауыры толған бұлақ қой.
Оны сауып отырған,
Кере қарыс маңдайы
Қыздар сүйер шырақ қой- дегенде ақынға аса риза болған кедей жігіт үстіндегі шапанын шешіп ата салтымен Қашағанның үстіне жабады. Жігіт үйге келген соң істеген ісін мақтанып шешесіне айтса шешесі «үстіңдегі дұшпанкөз жалғыз шапаныңды бергенің не болғаның жаным-ау, Қашаған көрші ауылда қонып жатыр, барып шапаныңды алып кел» деп ұрысады. Жігіт амалсыздан барып шапанын сұрағанда Қашағанның жауабы:
Берген жоқсың барлықтан,
Беріп едің ғой нарлықтан.
Бешпентіңді де шешіп бер,
Тіпті өлмейсің жарлықтан- дегенде әлгі жігіт сөзден тосылып бешпетін де беріп кетіпті делінеді...


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ұлы Адай Ұрпақтары

Популярное