... Бəрін дұрыс істеп жүрген сияқтысыз. Тəртіп бұзбайсыз. Жақсы жұмысыңыз бар. Тұрмысыңыз да жаман е...

Ақыл қалта
11.12.2017 в 06:54
... Бəрін дұрыс істеп жүрген сияқтысыз. Тəртіп бұзбайсыз. Жақсы жұмысыңыз бар. Тұрмысыңыз да жаман емес. Қосағыңыз да Құдай бере салғандай, əйтсе де жақын емессіз. Үнемі тұнжырап жүресіз. Əне жер-мына жеріңіз ауыра береді. Бірін емдесеңіз, екіншісі дайын тұрады. Бітпейтін проблема. Қарыз. Не ілгері жылжымайсыз. Не бір құлдырап кеткен кезіңіз жоқ. Бірақ өзгеріс те жоқ. Себебі не?

Себеп көп: 📌Бала кезден бері жиналған жағымсыз естеліктер;
📌Өкпе;
📌Реніш;
📌Төленбеген қарыздар;
📌Өсек;
📌Көреалмаушылық;
📌Көрсеқызарлық;
📌Көңілтолмаушылық.

Мұның бəрі - ҚОҚЫС! Сіз қап-қап қоқысты арқалап алып, не ілгері жылжи алмай, не кейін кете алмай тұрсыз. Кімге өкпелісіз, кімнің несін қызғандыңыз, кімге кесіріңіз тиді, кімді кешіре алмай жүрсіз? Өзіңізбен өзіңіз оңаша қалып, шындыққа тура қарап көріңіз. Қарадыңыз ба? Қанша қап қоқыс арқалап жүр екенсіз?

Көзіңізге елестетіңіз, бірнеше қап арқалап алып жылдар бойы жылжымай тұрған адам қандай күйде болар еді?

- белі ауырады;
- бүйрегі ауырады;
-алқыну, демігу;
- жүрек-қан тамырларының қабынуы;
- көзі шарасынан шығу (глаукома);
-хондроз;
-психоз;
-шаш ағару, түсу;
-ерте қартаю, т.б

Осы сізге керек пе?

Тезірек қоқыстан арылыңыз!
Кешіріңіз! Кешірім сұраңыз! Позитивті ойлаңыз! Күліп жүріңіз!

Позитив, бақытты адамда жүк болмайды! Ол қалықтап жүреді! Қанат біткендей жоғары қарай самғайды!

Қанат қағыңыз! Мен қоқыссыз адамдар жағындамын! Бізге қосыл!

Асылзат Арыстанбек.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Ақыл қалта

Популярное