Сіз маған керексіз...

Neke.kz
16.01.2018 в 08:23
Сіз маған керексіз...
Сынаққа төзбей, сынып кеткенде,
Сүрініп, қайта тұрып кеткенде.
Мықты болудан шаршаған кезде,
Бір нәзіктікті аңсаған кезде.
Армандағанда, қиялдағанда,
Алып әлемге сия алмағанда.
Қуанған шақта, қайғырған шақта,
Әл дәрменімнен айрылған шақта.
Жылағанымда, күлгенімде де,
Сағынып Сізді жүргенімде де,
Айрылып, қайта қауышқан сәтте,
Есімнен мүлде ауысқан сәтте.
Бай болғанымда, кедей болғанда,
Тым жақын тұрып, өгей болғанда.
Қу күйбең тірлік желкелегенде,
Санамды тұрмыс келтелегенде...
...Не жетсін, шіркііііііін, иығыңызға,
Басымды сүйеп, еркелегенге...


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Neke.kz

Популярное