Қазақ әдебиеті
11.04.2018 в 02:30

«тазалықпен есті жан қоректенер...»

«ТАЗАЛЫҚПЕН ЕСТІ ЖАН ҚОРЕКТЕНЕР...»

Тазалықпен есті жан қоректенер,
Азғындықты жадынан бөлектеген.
Осы күні байқасаң, кейбір жандар,
Пәтерінде тұрады төбетпенен.

Мен сіздерге берейін аз-ақ хабар,
Тазалықпен өмірлер ғажап болар.
Хайуанға ұқсаған адам ғана,
Хайуанмен отырып тамақтанар.

Жат-ғұрыпқа жүрсінші сана сынбай,
Тазалықпен әрдайым боласың бай.
Тексіз ғана, төбетті қойнына алып,
Мәпелейді өзінің баласындай.

Есбол БОЗАН

PS: Үйіне хайуан асырайтын жалған мәдениет өкілдеріне арнау. Мәдениет деген нәрсе тазалықтан бастау алмайтын ба еді? Таза әрі салауатты өмір сүрейік ағайын. Надандықпен санамызды уламайық.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақ әдебиеті

Популярное