Жан ұшыра жанталасқан жандардан,

Қазақ әдебиеті
13.04.2018 в 01:21
Жан ұшыра жанталасқан жандардан,
Жан жүрегім бір нəрсені аңғарған.
Əр адамның кеудесінде арман бар,
Ал сенде ше, бар ма арман?

Бір-біріне ұқсамайтын талғамы,
Əр адамның əр түрлі екен арманы.
Сол армандар орындалса болғаны,
- Бақ-жұлдызың жанғаны!

Текті жердің қызы болса алғаны,
-деп білетін "маңдайымның бар бағы"
Отанына қорған болса болғаны,
- Ер жігіттің арманы.

Үміт күткен əрбір күннен алдағы,
Махаббаттың бұйырса деп бал дəмі,
Жар атанып, сəби сүйсе болғаны,
- Бойжеткеннің арманы.

Өзен болған өмірінің бар мəні,
Құт, береке-қолындағы қармағы.
Алтын балық аулап алса болғаны,
- Балықшының арманы.

Еңбек десе, елжірейтін жандары,
Алтын дəнге толтырам деп қамбаны,
Елге мол ғып астық берсе болғаны,
- Диханшының арманы.

Ақ үмітпен атқан əрбір таңдары,
Қос аяқтың сезілсе деп салмағы.
Керек етпей қалса болды арбаны,
- Мүгедектің арманы.

Бітер ме екен, замананың зарлары,
Шырқалатын шын бақыттың бар ма əні?
Ата-анасын тауып алса болғаны,
- Жетімдердің арманы.

Күні-түні зікір етіп Алланы,
Тым құрыса бір көрсем деп қағбаны.
Пейіш баққа табан тисе болғаны,
- Мұсылманның арманы.

Армандардың болмайды екен жалғаны,
Аман болсақ орындалар қалғаны.
Бейбітшілік мəңгі болса болғаны,
Бұл - Қазақтың арманы!
Əр қазақтың арманы!

// Тілеген Әли – Арман


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақ әдебиеті

Популярное