Мен ұнатпаймын!

Қазақ әдебиеті
17.04.2018 в 01:49
Мен ұнатпаймын!
Мазалап жатса бекерге,
Жұлынып біреу, есікті жапса кетерде.
Мен ұнатпаймын!
Ақырын келіп, жақыным,
Аяқтан шалса,
Арманға аттап жетерде.

Айна, əйнекті,
Тырнақпен сызған дауысты,
Мен ұнатпаймын!
Бақталастықты, жарысты.
Жаныңда тұрып,
Жамандай кетсе танысты,
Мен ұнатпаймын!
Қайтарса кештеу, қарызды.

Мен ұнатпаймын!
Басқалар бөлсе сөзімді,
Тығылып, арттан,
Қолымен басса көзімді.
Өткен істерге, өкініп жүрем, өкініп,
Мен ұнатпаймын!
Кейбір сəттерде өзімді.

// Бек Жылқыбаев


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақ әдебиеті