HANAFI.kz | Ханафи бауырлар қауымдастығы
14.06.2018 в 04:13

Алла елшісіне ﷺ берілген бес қасиет 🌙

АЛЛА ЕЛШІСІНЕ ﷺ БЕРІЛГЕН БЕС ҚАСИЕТ 🌙

📚 Пайғамбарымыз ﷺ айтады:

Маған менен бұрын ешкімге берілмеген бес нәрсе берілді:

1) Айшылық жердегі дұшпанның жүрегіне қорқыныш ұялату арқылы (иләһи) жеңіске ие болдым.

2) Жер жүзі маған мешіт пен тазаланатын мекен етілді. Сондықтан да үмбетімнен кімде-кім намаз уақытының кіргенін көрсе дереу намазын оқысын!

3) Соғыстан түскен олжа менен бұрынғы өткендердің ешбіріне адал емес-тін. Міне, сол маған адал етілді.

4) Әрі маған шапағат берілді.

5) Әрбір пайғамбар өз қауымына ғана жіберілген болатын, ал мен күллі адамзатқа елші етіп жіберілдім.

✏ Бухари, Тәйәммум, 1, Салат, 5; Муслим, Мәсажид, 3;


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества HANAFI.kz | Ханафи бауырлар қауымдастығы

Популярное