Ішек құрты етте,укропата өте көп болады...,
Ішек құрты етте,укропата өте көп болады...,

ІШЕК ҚҰРТТАРЫНАН АППАРАТ АРҚЫЛЫ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ
Көктем мезгілінде көп адамдардың бойын әлсіздік билейтіні бар. Ал енді бір адамдардың бетін, денесін ақ таңдақтар қаптаса, екінші­ле­рінің шашы түсіп, үшінші бі­реулер қатты жүдеп кетеді. Бұлардың бәрі адамның ішін­дегі ішек құрттарының әсері­нен пайда болады екен.

Адам ағзасына бұл құрттар қалай түседі?

«Ауру – астан» деген сөз тегін айтылмаған. Адам ауруды өзі жейтін тағамдардан табатыны әлдеқашан дәлелденген. Біз сөз етіп отырған құрттар да ағзаға тамақ арқылы түседі. Мәселен, ет пен балықта майда құрттар көп болады екен. Балалар жақсы көретін «кириешки», «чипсыларда» да майда құрттар бары анықталған. Шала қуырылған, аз қайнатылған аста олар тірі қалады да, ағзада да тіршілігін жоймайды, керісінше көбейіп, дами түседі. Жас балалардың ағзасы әлсіздеу болғандықтан мұндайда асқазан, кіндік тұсының ауыратынын айтуы мүмкін. Құрт ауруларының салдарынан адам көп терлейтін болады, шаштары түседі, бетке ақ таңдақтар түседі. Бұл ересектердегі белгілер.

Ішек құрттарынан қалай құтылуға болады?

Шымкенттегі «Сауықтыру орталығында» істейтін суджог-терапевт Гүләйім Асқарова (суретте) ішек құрттарын жапондық «Зингда» аппаратымен 2-3 күнде түсіруге болатынын айтады. Бұл аппаратта арнайы магниттік қондырғы болады екен.  Сол қондырғыны шалқасынан жатқызылған адамның асқазан, бауыр, көкбауыр, ішек тұстарына апарып, әуелі оңға қарай, содан кейін солға қарай 4 минуттан айналдырғанда магниттің айналу әсерінен ішекқұрттар бөлшектеніп, нәжіспен бірге түсіп қалатын көрінеді. «Оның қорқынышты түгі де жоқ, – дейді Гүләйім Ермат­қызы. – Ол денені, тәнді ауыртпайды, қайта массаж сияқты әсер етеді. Бар-жоғы 8 минутта магниттің айналуы арқылы құрттар жансызданып, өздігінен, табиғи түрде түседі. Бұл процестің денсаулыққа ешқандай да зияны жоқ. Қайта адам ағзаны іштен кемірген сан түрлі дерттен оңай арылады. «Зингда» арқылы ересектер ғана емес, жас балалар да ішек құрттарынан арыла алады.

Жақында «Зингда» аппараты арқылы эхинококкозбен ауырып, операцияға дайындалып жатқан жасөспірімнің құртын түсірдік. Бауырындағы жылан секілді ұзынша құрттан құтылған бала бізде екі апта ем қабылдады. Өйткені құрттардан толық арылудың емдік курсы 14 күн. Қазір ол жігіт тиісті дәрілерін қабылдап, демалып жатыр. Эхинококкоздан операциясыз құтылғанына қуанышты».

Аталмыш сауықтыру орталығының мамандары келушілерін Ресейден әкелінетін «Сібір денсаулығы» корпорациясының дәрілері арқылы да емдейді екен. Бұл дәрілердің елімізге әкеліне бастағанына үш айдың ғана жүзі болыпты. Ішек құртын түсіргісі келген адам ағзасын дайындау үшін алдымен осы шөп дәрілерді ішуі керек екен.

Бұл қандай дәрілер?

«Лимфосан-П» деген дәріні он екі елі ішек, асқазан жолдарында құрттары бар адамдар ішеді. Ал «Лимфосан-Г» дегенді бауыр жолдарындағы құрты барлар, «Лимфосан-Е» аш ішек, тоқ ішек, тік ішекте құрты барларға беріледі. Олардың бүйректегі, өттегі тасты түсіруге де пайдасы бар. Ал бағасы анау айтқандай қымбат емес, оны кез-келген қарапайым тұрғынның қалтасы көтереді», – дейді Г.Асқарова.