Everything.kz

Бәрі, бәрі нұрдан келіп жаралған

Бәрі, бәрі нұрдан келіп жаралған Бәрін, бәрін нұрға келіп табынған Нұр Отан, Нұр Отан деп ұрандап Сайлау біткеде жоғалған.... Нұр Отан есікті аш халқына Өзгелерды ойламашы жапырма.. Нұр Отан қашан болады Нұр Отан. Нұрын шашқан отанда Қашан қазақ отырады отанда... Сайлау, сайлау алға кәні Нұр Отан Қашан қазақтың күні болады Нұрдан....... Жүректерге сенiм құйған «Нұр Отан», Бiр мақсатқа елiн жиған «Нұр Отан». Жақсыларды топтастырған жанына, Әдiлет пен төрiнде иман «Нұр Отан». Қияларды қыран шалған «Нұр Отан», Ақындары жыр-ән салған «Нұр Отан». Ғасырларға жеткiзе гөр елiмдi, Деп Елбасы ұран салған «Нұр Отан», – Дағдарысқа жол бастаған «Нұр Отан», Жемқорларды қорғаштаған «Нұр Отан». Елдiң жұты бiр өзiне құт болып, Мүше еместi сор қаптаған «Нұр Отан».   Сыбайласты бiрiктiрген «Нұр Отан», Ақ Ордаға күлiп кiрген «Нұр Отан». Ана тiлiн сатқандарды жоғары, Қызметке iлiктiрген «Нұр Отан».   Ұлт мүддесiн мансұқ еткен «Нұр Отан», Ел мақсатын жаншып өткен «Нұр Отан». Бүлiнгеннiң бүлдiргiсiн термiштеп, Тастандыны таңсық еткен «Нұр Отан».   Әлсiздердi таптап кеткен «Нұр Отан», Шенеунiктi жақтап кеткен «Нұр Отан». Майға бөккен «Самұрық-Қазына» сарқытын, Қайыршы елге шақтап төккен «Нұр Отан».   Лениннiң ұрты болған «Нұр Отан», Сталиннiң мұрты болған «Нұр Отан». Көш соңында қалған елдiң басшысын, Көшбасшы деп күлкi болған «Нұр Отан».   Шеп түзеген әрмен қарай «Нұр Отан», Болашаққа дәрмен қалай «Нұр Отан»? Жақ талғанша «Нұр Отан» деп қақсадым, Маған да бiр диплом бершi, братан...
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества