Не үшін фотоны қоясың? ? ?

Не үшін фотоны қоясың? ? ?

Бұл алғаш рет айтуым емес, қанша рет ескерттім. Жарайды, білмесең білмейді ғой деп айтатын, бәрін білесің ғой! Мисқолдай жақсылық пен жамандық көрінетін Қиямет күні бар екенін білесің! Алла Субхана уа Тағаланың сұрауы бар екенін білесің! Онда не үшін қоясың?!

Фатима анамыздың [Алла оған разы болсын] қайтыс болардан алдын көңіл күйі болмағанын сұрағанда, мені кебіндегенде, сұлбам көрініп қалады ма, бөтен еркектер көріп қоя ма деп уайымдаймын деп жауап береді! Тірі кезі былай тұрсын, өлгеннен соң, амалдары тоқтаған соң, уайымдап жатыр!

Ал, сен неге қоясың?!

Басқа адамдар дінді дұрыс түсінбей жүргеннен, я болмаса жетпегеннен олай жасап жүр. Ал сен иман келтірген, Исламның парыздарын мойындаған Мұсылмансың ғой! Кімге көрсету үшін, кімнің мақтауы үшін қоясың?! Жарайды, достарым бар дерсің, қатты сұрап жатса, личный сообщениемен өзіне жіберуге болады ғой!
Қанша адам "ХИДЖАБ" киюді армандап жүр (оның ішінде СЕН де бар шығарсың), кейбір қарындастар намаз оқи алмай жылап жүр, сенің де басыңнан өтті. Енді "Мұсылмандар да, Хиджаб кигендер де осылай жасап жүр ғой" дегенін қалайсың ба?! Онсыз да барлық адам Ислам десе, Дін десе "ШОШИДЫ"! Соның себепшісі болып қалмайықшы!!!

Жер бетінде қанша ормандар, ағаштар бар! Бір ағаштан қанша сіріңке жасайды? Ал бір сіреңкемен қанша орманды өртеуге болады?! Сол сіреңкенің орнында біз болып қалмайық, Біздің себебімізден дінді жек көріп қалмасын!

Бұл тақырыпта соңғы рет ескертуім! Өзің білесің, не істесең де! Бізге еркіндік берілген, Алланың алдында сол үшін сұраламыз, соны ұмытпағайсың! Алланың алдына таудай сауаппен барып, сол сауаптарды жейтін құрт болып шықпасын!

Бір әйел адам, өзімен бірге төрт адамды Тозаққа сүйреп кетеді дейді, менің ақым жоқ, сонда да мұсылман бауыр ретінде айтуым! Пайғамбарымыз Мұхаммед [оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын] миғраждан соң, тозақтың мекендеушілері көбі - Әйел заты екенін ескерткен! Сол амалдардан аулақ жүрейік!
Сахабалардың [оларға Алла разы болсын] керемет айтқан сөзі бар:

"Сендер масаның қанатындай көрмеген күнәні, біз сол күнәмен тозаққа түсіп қаламыз ба деп қорқатын едік! Сол сияқты, сендер көздеріңе ілмейтін амалды, сондай ынтызарлықпен, тастамай орындайтын едік!" - деген.

Пысы: Жайғана лайк баспай соған амал етейікші мұсылман қарындастар мен әпкелер!


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Жүрекке әмір жүрмейді

Популярное