Everything.kz

Ей, момын жан!

Ей, момын жан!
Ей, момын жан! Өз бойыңа жамандықты жуытпа, Бір Алланы зікір етіп ұлықта. Мұсылмансың, үмбетісің Расулдың, Сол атың мен міндетіңді ұмытпа. Естен кетіп еріп кетпе жалғанға, Алтын менен бал ұсынса алданба. Ақыретке азық қамдап үздіксіз, Бір Алланың ырзалығын арманда. Ойла Алланың бақидағы сыйлығын, Қуа берме дүние - түлкі құйрығын. Оқу - оңай, жаттау - оңай Құранды, Ал, Алланың атқарар кім бұйрығын? Абыройлы сенің алған міндетің, Орындай біл Пайғамбардың сүннетін. Атың менен затың лайық болмаса, Ел бұзылып, атанады дін жетім.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақ әдебиеті