Everything.kz

Салеметсіздер ме! жасым 32 де анау айтқандай сұлу қыз емеспин. дегемен бір кезде...

Салеметсіздер ме! жасым 32 де анау айтқандай сұлу қыз емеспин. дегемен бір кезде...
Салеметсіздер ме! жасым 32 де анау айтқандай сұлу қыз емеспин. дегемен бір кездері жап жақсы біраз жерге танымал анші де болдым. дегенмен өзіме деген адамдардың көз қарасы сөзінен қашып өнерді тастап кеттім. бірақ сол жас келгенін байқамай кәрі қыз атандым. өмірдің өзі сабақ дейді ғой жас келген сайын бұрында сахна мен адамдардың шулы ортасын жақсы көрген мен қазір жалғыздыққа басым бой сұнып барамын. жігіт сөз айтушылар аз емес дегенмен шығу керек деп кім көрінгеннің етегін ұстағым келмейді. бүгін жұмыста отырып айғайлап тұрып жылап алдым неге дейсіз бе ? жалғыздықтан. бір құрбым " сен өзіңнің түріңе қарамай жігіт таңдайсың қайтесің жасың болса келді түріңде онша емес сені ханзада алады дейсің бе шық деген адамға шыға салмайсың ба" дейді соған бола жылап алдым. неге мен өзім ұнатпаған адамға тұрмысқа шығып оны да өзімді де бақытсыз етуім керек ? мен де бір әулиеттің бағы ұйытқысы болғым келеді. бір азаматты бақытты еткім келеді. қолымнан бәрі болмаған мен көп нарсе келеді тігін де тігем тәтті етіп тамақта жасаймын дегенмен адамды суймесең жақсы көрмесең қалай бақытты етесің?жігітім болмады емес болды ғой бірақ ......мен бір ханзада күтіп жүргем жоқ жай қарапайым тас көтерсе де жан ұясын асырай алатын намысшыл қазақ азаматын іздеймін Бірақ ондай жігітті қайдан табасың. кафе ресторан түнгі клуб торуылдайтын жаста емеспин барған күнде де әдемі жас мың бұралған қыздардан жігіт қалама. театр кино т.б жерлерде де қазір жігіт іздеу бос әурешілік. ғаламтордағы азаматтардың ойы бұзық жолап кетсең айтатындары анайы әңгіме. бұрынғы заманда жеңгетайлар болған екен жігіттермен қыздарды таныстырып табыстырып жүретін қазір жеңгелеріміз бізге жігіт іздемек түгелі өз шаруаларынан қолдары босай бермейді ғой . сонымен құрбыларым өзіме деген сенімділігім ертеңіме деген сенімім жоғалып отырмын сол. кімге барып жылайын ? менің мұңым кімге керек? ата анам мен бауырларыма ғана қиын менің осындай жағдайымды көру сол үшім әкешім мен анашым үшін сіңілдерім үшін жарам аузын қолыммен жауып күліп жүрген жайым бар . қыздар жаман ойлап сөге көрмеңіздер. менімен мұңдас қыздар қаншама қазір қазақстан да.Қыздар азаматтарыңды аялаңдар қаншама қыз сендердің орындарыңда болуды армандайтынын білсеңдер ғой.түсінем оңай да болмас сірә дегенмен бірге көтерген жүк жеңілдеу келеді ғой. Сонымен көз жасымды сүртіп өтірік күліп " мені алмай жүрген жоқ өзім қарамай жүрмін жаспын " деген өтірік сөзерді айтып үйге қайтамын . үйде мені төрт қабыра салқын төсек пен бөтен бір адамдардың "сәлеметсізбе " деген сөздерінен басқа ештеме ешкім де күтпейді. рахмет
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Әйел құпиясы ♕