Al-Farabi Kazakh National University

Al-Farabi Kazakh National University
Опубликовано Гуль Баяндина · 3 мин. ·
«ТҮРКІ ЖАЗУЫ: РУНАДАН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ДЕЙІН»

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Түркі жазуы: рунадан латын әліпбиіне дейін» атты дөңгелек үстел барысында «Бакудегі 1926 жылғы алғашқы Түркологиялық съезі. Стенографиялық есеб» атты қайта жаңартылып шығарылған кітаптың тұсаукесері өтеді.

ҚазҰУ делегациясы 2018 жылдың желтоқсан айындағы Әзірбайжанға сапары барысында ұмыт қалған сирек кездесетін раритетті кітапты қайта басып шығару туралы келісімге қол жеткізген болатын.
Басылым 1926 жылы Бакуде өткен тарихи Түркология съезіне қатысушылардың баяндамаларының стенограммалары жинағы. Оның жұмысына Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақстандық делегация да қатысқан. Съезд делегаттары тарапынан айтылған ұсыныстар, әсіресе биыл Астанада дүниежүзілік түркітанушылар конгресін өткізу қарсаңында да өзекті болып отыр.

www.kaznu.kz


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Популярное