Everything.kz

***Сен екен деп****

***Сен екен деп****
Жаңа әндер [KZ]
***Сен екен деп**** Жер дегенің қарап тұрсам дөңгелек, Кетіп едің ,енді іздеп келме деп. Телефоным шырылдаса тағатсыз, Алаңдаймын хабарласқан сенбе деп. Тек санамнан кетер емес алты үміт, Сағыныштан күшім бітті сарқылып. Дыбыс шықса есік жаққа ұмтылам, Сен бе екен деп келе жатқан алқынып. Аспандағы аймен жүрем сырласа, Жүрмін міне қайғырумен мұң баса. Сен екен деп қалам жаным қамығып, Түн ұйқымды бәзбіреулер ұрласа. Естелік көп.Өткен шақта қалдырған. Сенің бейнең көздерімді таң қылған. Нәзік дауыс естіп қалсам қуанам, Сен екен деп шыға келер алдымнан. Күнә болар жүрегіме көнбесем, Сүйе алмасам топ ішінен көрмес ем. Жағдай осы,ал сен болсаң жарығым, Менсіз қалай сыйып жүрсің жерге сен... Авторы: Бисенов Батырхан
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Жаңа әндер [KZ]