ҚазҰУ-да Европа және Орталық Азия аймақтарынан келген мамандардың қатысуымен «[DECIDE] мүмкіндіктері...

ҚазҰУ-да Европа және Орталық Азия аймақтарынан келген мамандардың қатысуымен «[DECIDE] мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету түрлерін дамыту» ERASMUS+ жобасының бастапқы кеңесі өтті.
Кеңес жұмысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, академик Мұхамбетқали Бүркітбаев ашты. Ол алғашқы отырыс қатысушылары алдында құттықтау сөз сөйлеп, жоғары білім және жалпы қоғамның дамуы үшін осындай маңызды жобаны табысты енгізуді тіледі.
Жоба инклюзивтік білім беруге, әлеуметтік интеграцияға және білім беруге ерекше қажеттілігі бар адамдармен кемсітусіз қарым-қатынасқа қол жеткізуге және оны дамытуға бағытталған. Бұл ережелер мен талаптар Болон процесінің өлшемдеріне және БҰҰ-ның мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес келеді.
www.kaznu.kz


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Популярное