Айтылмаған оқиға
18.02.2019 в 03:37

Жауқазын буынға хат

ЖАУҚАЗЫН БУЫНҒА ХАТ

Адамды адам етіп келе жатқан бір ұлы қасиет бар. Оның аты – ҰЯТ!
Сабыр, ынсап, ар, ұят, әдеп – бірінсіз бірінің күні жоқ. Бәрі жиылып махаббатты құрайды. Бірін жоғалтсаң, бәрін жоғалтасың.
Жұрт көбіне ұсақ құмарлықты махаббатпен шатастырады.
Жалаң нәпсі билеген кеудеде махаббатқа орын жоқ.
***
Киім-басы мұнтаздай көрікті әйелдің мосқал тартқан ер кісіні қол арбаға отырғызып алып көшеде жүргенін жиі көрем. Бірде арбасыз кездесті. Әңгімеге тарттым.
- Сүйіп қосылған күйеуім еді. Соғыстан осылай кәріп боп оралды, — деді ол. – Енді қалған ғұмырда жанына дақ салмай аялап өткім келеді, - деді.
Міне, махаббатқа адалдықтың, ар, намыс, тазалығының бір көрінісі!
***
... Автобусқа бір кемпір кірді. Көтерген себеті бар, жөтеледі, ентігеді, жан-жағына қаранып орын іздейді. Сол мезет соңғы жақта отырған қарақат көз қыз орнынан атып тұрып, жүгіре басып барды да кейуананы қолтықтап әкеліп, өз орнына отырғызды.
— Бұл кісі шешең бе? - деп сұрадым қыздан.
— Танымаймын, - деді ол. Сөйлеген кезде екі беті қызарып кетеді екен. Ибалылық деген осы шығар.
Қыз сөзін аяқтай алмай, қош айтысып түсіп кетті. Кішкентай қылығымен-ақ бәрімізді риза ғып кетті.
Қазақта обал, рақым, иба, қанағат, борыш деген ұғымдар бар. Бұлар – ескіден келе жатса да ескірмеуге тиісті асылдарымыз. Оларды темір етікке нәл қағып кигендей әспеттеуіміз керек, қадірлеуіміз керек.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға

Популярное