Тұшпара

Айтылмаған оқиға
25.02.2019 в 07:20
Тұшпара

Көрер жарығым бар екен.
Иəə аллам !Сізге мың шүкіршілік мені дер кезінде ояттыңыз .
Мен əйелім екеуміз аккумульятор заводында ауысымды еңбек етеміз.Бүгін мен сол кезекті түңгі ауысымды жұмысымнан үйге таң ертең келдім.
Тез тез қызымды киіндіріп сабағына апарып қайта үйге келдім .Күндегі əдетім мен тамақ ішпек болып қатыным дайындап кеткен тұшпараны жылытып жеймін деп қазандық толы тұшпараны оттыққа қойып, қойып. Өзім тамақ жылығанша жайлы төсекке отырып күтпек болып отыра кеттім.Түнімен жұмыс істеп суық цехта жаурап келген мені ұйқы қысып қатты ұйықтап кетіппін.
Арада бір екі сағат шамасы өтер өтпес уақытта ұлымның ноутбугындағы мультигі ма жоқ əлде басқа ма оянып кетіппін.Көзімді ашсам үй іші көк түтін, көз ашитындай .Жасы енді үшке толған кіші балам (ұлым) төсек жанында жерде ноутбук шұқылап мультик көріп отыр екен. Мен көзімді əзер аштым түк түсіне алмай біраз мең зең болып отырдым .Сəл ой шырмауына байланып біраз отырдым .
Сондағы ең бірінші ойлағаным;
Үй іші неге түтіндеп кетті ,бұл түтін қайдан шығып жатыр дегендей сұрақтар еді.Артынан өзіміздің үй екі пəтерлі қоржын там еді ғой,көршінің үйіндегі қазан күйіп соның ысы осы бізге өтіп үй көк түтін болып жатқаны содан болар деген ой мені тағы шарпып өтті.Біраз отырдым да, мен үйдің ауасын тазартып түтінді сыртқа шығару үшін сыртқы есікті аштым, сол кезде барып бірақ көрдім ауыз бөлмедегі жағдайды.
Ауыз үйдің есігін ашып қалып едім, көкпеңбек түтін бетімді шарпып өтті.Көк түтіннен ештеңе көрінбейді тек есіме сол кезде барып қазан түсті дереу өшірдім жанып тұрған газ ошағын.Қолыма орамал алып далаға қазанды алып шығып, ашып қалдым қақпағын .Сонда суы тартылып тұшпараларым қап қара болып кетіпті ,ал ары бері араластыратын қасығы жанып кетіпті.Бір аллам мені өзі оятпағанда үй не болар еді,оның ішінде ұлым екеуміз тағы бармыз.
Мүмкін осы күні қатыным Гүлмира мен ата анам көздерінен жастарын сорғалатып мені жоқтап отырар ма еді.Аллаға шүкір маған өмір беріп отырғанына.

Абай болыңыздар əрдайым сақ жүріңіздер
Аллама мың шүкірлік маған ескертпе жасап өмірімді сүруіме қайта өмір бергеніне шүкіршілігім шексіз.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға

Популярное