Everything.kz

1994 жылы Йеллоустон ұлттық саябағына 14 қасқыр бостандыққа жіберіледі, ол кезде ғалымдар бүкіл экожүйе осыншама өзгеріске ұшырай қояды деп ойламаған да еді.

1994 жылы Йеллоустон ұлттық саябағына 14 қасқыр бостандыққа жіберіледі, ол кезде ғалымдар бүкіл экожүйе осыншама өзгеріске ұшырай қояды деп ойламаған да еді.
Тұлға өсиеті
1994 жылы Йеллоустон ұлттық саябағына 14 қасқыр бостандыққа жіберіледі, ол кезде ғалымдар бүкіл экожүйе осыншама өзгеріске ұшырай қояды деп ойламаған да еді. Ұлттық саябақта қасқырлар 70 жыл бойы болмаған, осы жылдар арасында бұғылар билік құрған болатын. Көп көлемде көбею жүрді.(қолдан жүргізілген реттеу еш нәтиже бермеді) жергілікті флораға көп көлемде зиян шектірді. Әрине 14 қасқыр барлық бұғыларды жей алмады, алайда олар жайылым жерлерді абайлап таңдауға және саябақтың басқа да аймағына өтуіне кедергі жасады. Сол аймақтарда өсімдіктер өсе бастады. Алты жылда ағаштар саны 5 есеге дейін өсті. Бөгеттер салуға жарамды ағаштарды отайтын құндыздар пайда болды. Көлдерде ондатрлар, үйректер және балықтар көбейе түсті. Қасқырлар шибөрілердің (шакалдардың) популяциясын азайтты, ал олар өз кезегінде қояндар мен тышқандардың санын көбейтті. Саябақта жеміс-жидектерде молынан өсе бастады. Ең қызығы, қасқырлар өзен ағысын өзгерте білді. Өзен жағалауының эрозиясы да айтарлықтай қалыпқа келді. Бұл жағдай қасқырлардың бұғыларға әсер етуінен болды, содан ағаштардың өте жылдам және өзен жағасында шөптердің қаулап өсуіне мүмкіндік берді. Саябақтың географиясы өзгеріске ұшырады. Осының барлығы 22 жыл бұрын жіберілген 14 қасқырдың арқасында. Мұнымен, цирікке үйретілмеген жалғыз аңның табиғатта орны ерекше, себепсіз ештеңе жаратылған жоқ дегенді табиғат бізге меңзегісі келгендей. (с) Ұлан Айхожаев
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Тұлға өсиеті