Сағыныш

Айтылмаған оқиға
06.03.2019 в 01:16
Сағыныш

Сол иықтан бес елі төмен тұрған
жүрек бүгін тағыда дүрс дүрс ете соғып кеудеме сыймай тұрғандай шаншып шаншып жіберуде.Осы жүрек ауруына ұшыраудың бірден бір себебі сол бір шақтың қайта айналып келуі еді.Сол күнгі кездесулердің бəрі көңіл күйімді санам мен улай жүрекке үлкен əсерін тигізген.Міне сол жүректің тағы шаншып түйіп ауырып тұрғаны.
Өмір деген қызық қой бақытты қызыққа толы беймəлім күндерді өткізіп өмірдің ең тəтті шағын сүріп жатсамда көңілім кейде құлазиды.Неге? сұрақ осыда.Сол бір өткен күндер мені мазалай ма? жоқ əлде мен сол өткен күндерді миымнан шығара алмай жүрмінбе? білмедім.Кейде жүрек құрғыр сағынады біреуді аңсайды бір ақ кімді?
.Сол бір балауса пəк махаббатты, сезімдіме? жүрегіңді жылатар ыза кернеген ашудыма?жоқ əлде сол сағынышқа, ашуға, алғашқы күйдім сүйдім деген албырт махаббаттық сезімге итермелеген, соған себепші болған басты рөлді сомдаған ең алғашқы махаббатымдыма?
Осыны мен өзімде түсіне алмадым бірақ сондада сағынамын .

Отбасылы болып өмірді сүріп бақытты жүрмін деп жүргенде айданба, ғарыштанба қайдан екені белгісіз сол бір сезімнің рөлін сомдаған сол бір əртіс қыз. 15 жылды артқа тастап өмірімнің өрнегін өзгертуге келе қалды. .
Сонда мен бойымдағы сөнген сезімнің қайта түтеп маздай жана кеткенін түсіндім.
Толықсыған айдай əдемі келбетіне көзіммен ұрлана ұзақ қарап қадала тұрып қалдым.
Көріспеген жанарлар бір сəт тыныштыққа бөлене үнсіз сырласқандай күйге бөленді.Бойымды бір сəт қуаныш лебі тербеп өтті.Көңіл күйім жайдарлана түскендей болды бірақ сол қуаныштың бəрін бір қорқыныш басып мені жақындатудан кері итергендей болды.Ол қандай қорқыныш дейсіздер ғой.
Кезінде сені сүйем менде сені сүйем деп бір бірімізді еркелете бір ортақ денедей
сезінгенмен. Арада айлар жылдар өтті бəрі өзгерді бір бүтін деген денелер екі бөлініп əр қайсысы өз жартыларын тапқандай болғасынба аяқ астынан оған деген ойымды бөтен жат деген ой шырмап өзімді ұстап қалдым.Сол қорынышымды басуға алғашқы қадамын жүрегімнің иесі əртіс қыз жасады.Əдемі күлкісі үнсіздікті бұза бетімнен қызылға боялған ернімен сүйе амандығын білдірді.
Менің таң қалғаным бұрынғы талдырмаш денелі ұяң ұялшақ қыздан бүгінде көз алдымда түгі қалмағандай еді.
Сол бір ұяң қыздан қалғаны тек сол көздер мен жұмсақ назды қылықты нəзік дауысы ғана қалғандай еді.Мен
тура алдымда бөтен болып киініп алған адамды көргендей болдым.Жылы шырай таныта өзіме тарттымда жұп жұмсақ томпақ əдемі бетінен құшырлана құшырлана армансыз сүйдім.
Бірақ бəрі бөтен жат секілді болды бойымда тек еркекке тəн нəпсілік құмарлыққана болды.Бұрынғы мен іздеген шынайы сезім болмады, сол махаббатқа тəн бейнелі образды көз қарасты таба алмадым.
Содан соңда бір екі жолығысып кездестік қайтіп мен бұрынғы сағынған жастық шақтағы махаббатымды сол жүрегімнің əртісінен таба алмадым.
Осындай ойлардың жемісі болар менің жүрек ауруына душар болуым.
Бүгінде сағынышқа толы күндерімді ойлап ұйқыдан ояндым.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға

Популярное