Айтылмаған оқиға
15.03.2019 в 11:13

Көктем келіп гүлге оранып тұр далам

Көктем келіп гүлге оранып тұр далам
Бәлкім тағы бұл ғажаптан құр қалам
Заты әйелге гүлді теңеп жатқанмен
Ешкім әлі сыйламапты гүл маған.

Әлдекімге сый көрінер ұсақ бір
Әлдекімнің бақытты сәтін тұсап тұр
Мейрам сайын күтетінмін бәз біреу,
Маған тарту ететіндей құшақ гүл.

Сағыныштың сөгілерме сені шын,
Шалқар сезім шат-шадыман ерісін
Арманыма айналған аппақ гүлдерді
Қашан бір жан үзер екен мен үшін


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға

Популярное