Everything.kz

📚Қазақстан тариxы

📚Қазақстан тариxы
📚Қазақстан тариxы 📜 ҰБТ-да кездесетін сұрақтар. 📜 ➕Сақтап ал 1. 1716 жылы салынған бекініс: Жәміш, Омбы Железинск бекінісі салынған жыл: +++1717 ж+++ 2. 1718жылы жоғарғы Ертіс бойына салынған әскери бекініс: +++Семей+++ 3. Семей бекінісі қай жылы тұрғызылды: +++1718 жылы+++ 4. Павлодар, Өскемен бекіністері қай жылы тұрғызылды: +++1720 жылы+++ 5. Павлодар қаласының іргесі қаланды: +++1720 жылы+++ 6. 1720жылы салынған бекініс: +++Коряков+++ 7. 1832 жылы құрылған округ: +++Ақмола+++ 8. 1714-1720 жылы патша үкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: +++Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу+++ 9. XVІІІ ғ. І ширегінде патша үкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: +++Қазақ өлкесін жаулап алу+++ 10. Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ сұлтандары: +++Сәмеке мен Әбілқайыр+++ 11. ХVІІІ ғ. І жартысынджа қазақтардлың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: +++Әбілқайыр хан+++ 12. Әбілқайыр билік құрған жылдар: +++1680-1748 ж+++ 13. Кіші жүздің билеушісі Әбілқайырдың жеке дара билік құра бастауы: +++ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарынан бастап+++ 14. Әбілқайыр ханның тірегі болған Кіші жүз руы: +++Шекті+++ 15. Әбілқайыр ханның өз елшісі Қойбағарды Ресейге жіберген жыл: +++1726 ж.+++ 16. Кіші жүздің елшілері Ресейдің құрамын кіру туралы өтініш табыс ету үшін Петербургке аттанды: +++1730 жылы+++ 17. 1730 ж. Ресейге жіберілген қазақ елшілігі: +++Қойдағұлұлы, Қоштайұлы+++ 18. Әбілқайырға Кіші жүз билерінің 1730 ж. Ресеймен қатынасы туралы ұсынысы: +++Әскери одақ құру+++ 19. 1730 ж. Кіші жүздің ықпалды билері Жоңғарияға қарсы Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырған хан: +++Әбілқайыр+++ 20. Әбілқайыр хан Ресейге қосылуға ант берді:+++1731 жылы+++ 21. Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын қабылдаудағы мақсаты: +++«... Шведтермен бітімге келген соң І Петр қырғыздарға олардың тілі мен әдет-ғұрыптарын жақсы білетін, тегі Уфа татарларынан шыққан сыртқы істер коллегиясының тілмашы Алексей Иванович Тевкелевті (Мәмет Тевкелевтің шоқынған аты) жібермек болды. Тевкелевке қолынан келген амалдардың бәрін қолданып, қайткенде қырғыздарды Ресей боданына айналдыру тапсырылады. Бұл кезде қырғыздар арасында ауызбіршілік кетіп,м бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан бащқұрттар мен қарақалпақтар тарапынан қысымға алынған болатын. Кейбір қырғыз хандары шведтермен соғыс кезіндң, одан соң да І Петрден өздерін бодандыққа алу жөнінде бірнеше рет тілек білдірген болатын. Бұл тілек кейінірек императрица Анна Иоанновна тұсында қабыл алынып, содан бері Орал маңында өлкенін жаңа дәуірі басталды. Бұл өлкені ұйымдастыруға Кириллов (1735-1738), Татищев (1738-1739) және Иван Неплюевтер (1747 жылдан) зор еңбек сіңірді, өздерінің өлкені өркендету жөніндегі еңбектері мен жасаған қамқорлықтарының арқасында олар жергілікті тұрғындарының мәңгі есінде қалды. Орыс үстемдігін орнату үшін Кириллов аса бір сәтті жоспар жасады. Оның басты мақсаты Башкирияның оңтүстік шептерінде бекіністер салу болды. Бұл жоспар орындалғанда үш негізгі мақсат іске аспақ еді. Бекіністер тынымсыз башқұрттардың тонаушылық жортуылдарына тыйым салар еді, екіншіден, мазасыздығы жағынан башқұрттардан кем түспейтін қырғыздардың әрбір қимылын қалт еткізбей бақылауға мүмкіндік туар еді, соңында осы бекініс белдеулері қырғыздар мен башқұрттардың қарым-қатынастарына тыйым салар еді. Бекіністердің салынуына басты түрткі болған қырғыз ордасының ханы Әбілқайыр болды. Оңтүстіктен жоңғар билеушісінің, солтүстіктен башқұрттардың қыспағына түскен хан, орыс патшайымынан жәрдем және қолдау көрсетуді сұрап, өтінуге шешім қабылдады.» Даладағы саяси жағдайды бақылауға мүмкіндік алу Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: +++Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға жұмылдыру+++ 22. Әбілқайыр ханның Ресей құрамына кірудегі мақсат(-тары): +++Жеке билігін нығайту үшін бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру+++ 23. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі мақсаты: +++Қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту+++ 24. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі мақсаты: +++Қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту+++ 25. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі мақсаты: +++Өз қарсыластарының сағын сындыру+++
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ЕНТ 2016 | ҰБТ 2016 | KAZTEST.RU