Everything.kz

Қазақтың салт-дәстүрі деген тұнып тұрған шариғат қой. Оған тағы бір дәлел мына төмендегі қыз балаға деген тыйымдар деп білемін.

Қазақтың салт-дәстүрі деген тұнып тұрған шариғат қой. Оған тағы бір дәлел мына төмендегі қыз балаға деген тыйымдар деп білемін.
Қазақтың салт-дәстүрі деген тұнып тұрған шариғат қой. Оған тағы бір дәлел мына төмендегі қыз балаға деген тыйымдар деп білемін. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Сол үшін де қыз балаға: 1. Жарыса сөйлеуге; 2. Жалғыз қыдыруға; 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; 4. Орынсыз ұрынуға; 5. Басқаларға қол тигізуге; 6. Өтірік, өсекке; 7. Суық жүріс, сумаң қылыққа; 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге; 9. Талтайып отыруға; 10. Шалқайып жатуға; 11. Тамақты обырлана асауға; 12. Ұрлық-қарлыққа; 13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге; 14. Бұраңдап қылымсуға; 15. Қызыл іңірде жатуға; 16. Түске дейін ұйықтауға; 17. Кісі алдында киім ауыстыруға; 18. Салт-дәстүрден аттауға; 19. Елді ғайбаттауға; 20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға; 21. Ішімдік ішу пен шылым шегуге; 22. Ұрыс-керіске; 23. Беттен алып, бет жыртысуға; 24. Қараулыққа, ысырапқа; 25. Рахымсыздық пен қатыгездікке; 26. Түнде суға жалғыз баруға; 27. Жат жыныстылармен араласып жатуға; 28. Күйеуге қашып тиюге; 29. Әдепсіз сөзге; 30. Тарс-тұрс етуге; 31. Адам мен жануарларды тебуге; 32. Кісіні қорлап жәбірлеуге; 33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; 34. Айқай-сүреңге; 35. Шектен тыс сыланып жасануға; 36. Қызғаншақтық пен күншілдікке; 37. Менмендік пен өзімшілдікке; 38. Алдап-арбауға; 39. Көрсеқызарлыққа; 40. Нәпсі құмарлыққа тыйым тыйым қатаң түрде салынады.
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақша хит әуендері |Жаңа әндер|клипы|